13 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №4

242 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін
2015 жылғы 6 қаңтар, Астана қаласы Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламаның нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары Осы Қағидалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау тәртібін белгілейді. 1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) қабылдайтын ұйым – хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2) соңғы қабылдаушы – қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілердің мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган. 2. Қабылдайтын ұйым өтініш берушілерге толтыру үшін хабарлама нысандарын тегін беруді қамтамасыз етеді. 3. Хабарламаны қағаз тасығышта берген кезде: хабарлама тікелей қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасына беріледі; Заңның 46-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларда қажетті құжаттар хабарламаға қоса беріледі; қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы хабарламаны толтырудың толықтығын және Заңда белгіленген қажетті құжаттардың бар болуын тексереді; қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы тұлғаның хабарлама беруге өкілеттігін (сенімхаттың болуы) тексереді; қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы хабарламаны тексереді және оны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді тікелей орнында және өтініш берушінің хабарлама берген сәтінде қабылдайды. Хабарламаны электрондық нысанда жіберген кезде: хабарлама рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі; Заңның 46-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларда қажетті құжаттар хабарламаға қоса беріледі. Заңның 46-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады. Заңның 46-бабының 4-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыра алады немесе оларды тоқтата алады. 4. Хабарлама толық толтырылмағанда, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар ұсынылмағанда хабарлама қабылданбайды. 5. Өтініш беруші хабарламаны қабылдамаумен келіспеген жағдайда хабарламаны берген орында және сол күні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының арасындағы келіспеушіліктер актісі (бұдан әрі - акт) жасалады. Акт хабарламаның көшірмесімен қоса екі данада жасалады және оған өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қол қояды. Хабарламаның көшірмесімен қоса актінің бір данасы қабылдайтын ұйымда сақтауға қабылданады, ал актінің екінші данасы өтініш берушіде қалады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен хабарламаның қабылданбағанына шағымдану үшін негіз болып табылады. 6. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгергені туралы хабарлама өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тәртіппен беріледі. 7. Хабарлама электрондық немесе қағаз нысанда жіберіледі. 8. Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қағаз тасығыштағы хабарламаны қабылдаған жағдайда өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы хабарламаны қабылдау туралы талон беріледі. 9. Қабылдайтын ұйым қабылдаған хабарламалар өтініш беруші хабарламаны берген күні соңғы қабылдаушыға жіберіледі. 10. Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізбесінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді. Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының арасындағы келіспеушіліктер актісі Осы акт 20__ жылғы « » ________ «____» сағ. «____» мин. (күні мен уақыты) ________________________________________________________________________________________ (өтініш берушінің немесе сенім білдірген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен _____________________________________________________________________________________ (қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) арасында жасалды. Осы акт 20__ жылғы « » ________ «__» сағ. «___» мин. (хабарламаны беру күні мен уақыты) _________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________________________ (қызметтің/іс-қимылдың атауы) ______________________ бастағандығы (тоқтатқаны) туралы берілген хабарламаға жасалды. Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы мынадай ескертпелер берді*: 1. Хабарлама толық толтырылмаған (нақты ескертпелермен бірге толтырылмаған жолдардың нөмірлері көрсетіледі) ___________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ 2. Талап етілетін құжаттардың барлығы ұсынылмаған (ұсынылмаған құжаттар көрсетіледі): __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ * ескертпелер бар жолдар ғана толтырылады, қалғандары сызылып тасталады. Өтініш берушінің келіспеушіліктері: Мына мәселелер бойынша: 1. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қосымша: хабарламаның көшірмесі ____ парақта. Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды. Тараптардың қолдары: _____________________ _______________________ Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына 2-қосымша Нысан Хабарламаны қабылдау туралы талон Осымен, ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ____________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/ жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны ______________________________ бойынша іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны __________________________________________ бойынша қызметті жүзеге (қызметтің немесе іс-қимылдың атауы) асыруды тоқтатқаны жеке тұлғаның заңды мекенжайының _____ заңды тұлғаның орналасқан жері _____ қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының _____ хабарламада көрсетілген деректердің ____________________________________ ______________________ _______________________ өзгергені туралы хабарлайды (тиісті жолда Х белгісі қойылады) Соңғы қабылдаушының атауы _________________________________________ Қабылдайтын ұйымның атауы _________________________________________ Хабарламаны қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы ______________________________________________ 20___ жылғы « » ____________ (хабарламаны қабылдаған күні және уақыты) Мөр орны (қағаз тасығыштағы талон үшін) Хабарламаның тіркелген кіріс нөмірі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 2-қосымша Нысан Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама* 1.__________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) 2. Осымен __________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/ жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны _______________________________ бойынша іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны __________________________________________ бойынша қызметті жүзеге (қызметтің немесе іс-қимылдың атауы көрсетіледі) асыруды тоқтатқаны жеке тұлғаның заңды мекенжайының _____ заңды тұлғаның орналасқан жері _____ қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының _____ хабарламада көрсетілген деректердің**_________________________________ ________________________ _________________ өзгергендігі туралы хабарлайды. (тиісті жолда Х белгісі қойылады) ** Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгергенде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/ жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. 3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы /жеке тұлғаның заңды мекенжайы ___________________ ___________________________________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ____________________________________________________________________________________________ 4. Электрондық пошта ________________________________________________ 5. Телефондар _______________________________________________________ 6. Факс _____________________________________________________________ 7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) 8. Қосымша мәліметтер ______________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті ақпарат көрсетіледі) 9. Хабарламаға _______________________________________________________ _______________________________________________________ қоса беріледі. (құжаттар атауы және парақтар саны көрсетіледі) 10. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы _______________ басталады. (уақыты мен мерзімі) 11. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы _______ тоқтатылады. (уақыты мен мерзімі)*** *** осы жол Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды тоқтату уақыты мен күні туралы ақпаратты ұсыну белгіленген жағдайларда ғана толтырылады. Осы хабарламаны бере отырып, өтініш беруші мына төмендегілерді растайды: көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдануы мүмкін; өтініш берушіге мәлімделген қызметтің түрімен немесе жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды бастағанға дейін одан әрі де орындау үшін міндетті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. 12. Өтініш беруші ______________________________________________________________________ _________________________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) Берілген күні және уақыты 20__ жылғы «__» ________ «___» сағ. «___» мин. 13. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда: Сенім білдірілген тұлға  ___________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) __________________________________________________________________________________________ Сенімхаттың күні және нөмірі Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ________ «__» сағ. «__» мин. *белгілі бір іс-қимылдарға Заңмен бекітілген Хабарламалар тізбесінің 9, 13, 19, 29, 31 тармақтарында көзделген іс-қимылдар жатады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 3-қосымша Нысан Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама 1. Жаңа объектінің құрылысы бойынша: Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына __________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) __________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін-тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлға үшін - ұйымның атауы, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі және телефон нөмірі) Осымен ____________________________________________________________________________________ (объектiнiң атауы және орналасқан жері) __________________________________________________________________ объектісінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлаймын. Құрылыстың басталуы 20__ жылғы «___» __________. Пайдалануға беру мерзiмi 20__ жылғы «___»__________. Қаржыландыру көзі ___________________________. Бұл ретте мынаны хабарлаймын: Жерге тиісті құқық беру туралы _______________________ __________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) 20__ «__» ___________ № _____ шешімі. 2. Объектіні салуға арналған жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (жобалау ұйымының атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың сатылығы) _____________________ әзірледі және _____________________________________________________ бекітті. (ұйымның атауы, бұйрықтың № және күні) 3. 20___«____»_____________ № ____ _________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (сараптаманың түрі, сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефоны және аттестатының № және құрамында сараптаманы орындаған аттестатталған сарапшысы бар ұйымның атауы, пошталық мекенжайы және телефоны) сараптаманың оң қорытындысы берілді (сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда). 4. Объект __________________________________________________________________________________ (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты немесе үшінші – төмен) жауапкершілік деңгейіне жатады. 5. Жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының мерзімі _________ ай. 6. Жұмыстар мердігерлік тәсілмен _____________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, лицензияның №, алған күні) 20__ «__»____________ №____ мердігерлік шарттың негізінде жүргізіледі. 7. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде (егер құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылған болса) құрылыстың тиісті кезеңдеріне арналған 20___ «___»______________ №_____ шешім берілді. 8. Тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде ____________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) білімі бар _________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалды. 9. Бас мердігердің атынан құрылыс үшін жауапты тұлға ретінде ______________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) білімі және құрылыста ________ жыл еңбек өтілі, «Сейсмикаға төзiмдi құрылыс» (сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) курсы бойынша ___________________________________________________________ (куәлік нөмірі, кім берген немесе ұзартқан) ______________________________________________ жарамды куәлiгi бар ___________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалды. 10. Авторлық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады: 1) 20___ «____» _______________№____ бұйрыққа сәйкес жобаны әзірлеушінің атынан ________________ ___________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, лицензияның №, берілген күні, мекенжайы және телефоны) __________________________________________________________________; (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) 2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған сарапшысы(-лары) бар _______________________________ _______________________________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні) ұйым_____________________________________________________________; (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны) 3) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы ______ __________________________________________________________________; (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні, мекенжайы және телефоны) 11. Техникалық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады: 1) өз штатында 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған аттестатталған сарапшысы (-лары) бар ____________________ __________________________________________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні) тапсырыс беруші өз бетінше; 2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған сарапшысы (-лары) бар _______________________________________________________________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні) __________________________________________________________________ ұйым_____________________; (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны) 3) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы ______ ___________________________________________________________________________________________. (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні, мекенжайы және телефоны) 12. Сараптаманың оң қорытындысының (оны жүргізу міндетті болған жағдайда) және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса беріп отырмын. 13. Осы хабарламада келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақтылы хабарлауға міндеттенемін. 14. Осы хабарламаны бере отырып мыналарды растаймын: 1) көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе жекелеген іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдануы мүмкін; 2) қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; 3) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру басталғанға дейін орындалуы міндетті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталады. 15. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асырғанда құрылыс нормаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың талаптарын және бекітілген жобаны бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартатыны туралы хабардармыз. Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) _________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) ЖСК/БСН ___________________ (жеке және заңды тұлғалар үшін) _______________________ (қолы, күні) М.О. Бас мердігер ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) ЖСК/БСН ___________________ (жеке және заңды тұлғалар үшін) _______________________ (қолы, күні) М.О. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда: Сенімді тұлға ______________  ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Беру мерзімі: 20__ жылғы «__» ________. 2) Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша: Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына ___________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) ___________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлға үшін - ұйымның атауы, пошталық мекенжайы және телефоны) Осымен ___________________________________________________________________________________ (объектiнiң атауы және орналасқан жері) __________________________________________________________________________________________ қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлаймын. Құрылыстың басталуы 20_ жылғы «__» __________. Пайдалануға беру мерзiмi 20_ жылғы «__»_________. Бұл ретте мынаны хабарлаймын: 1. Сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы __________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) 20__ «__» ___________ № _____ шешімі. 2. Өзгертілетін үй-жайға (ғимараттың бір бөлігіне) _________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (құжаттардың атауы, құжаттарды берген органның атауы) ____________________________ 20___«____»_____________ № ____ меншік құқығын растайтын құжаттарды берді немесе ___________________________ __________________________________________________________________________________________ (нотариалды кеңсенің мекенжайы, растаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) үй-жайдың немесе ғимараттың бір бөлігінің меншік иесінің (меншік иелерінің) оларды өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі ___________________________________. 3. Жерге тиісті құқық беру туралы (егер жоспарланып отырған өзгеріс қосымша жер учаскесін бөлуді (кесіп беруді) көздесе __________________________________________________________________ ____________ (жергілікті атқарушы органның атауы) 20__ «__» ___________ № _____ шешімі. 4. __________________________________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) берген 20__ «__» ___________ № _____ сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама _____________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (жобалау ұйымының атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың сатылылығы) әзірленді және ____________________________________________________________________ бекітілді. (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) бұйрықтың № және күні) 5. 20___«____»_____________ № ____ _________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (сараптаманың түрі, сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефоны және аттестатының № және сараптаманы орындаған құрамында аттестатталған сарапшысы бар ұйымның атауы, пошталық мекенжайы және телефоны) сараптаманың оң қорытындысын (сараптаманы жүргізу міндетті болған жағдайда) берді. 6. Өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) іргелес басқа үй-жайлардың (тұрғын үй бөліктерінің) иелерінің (егер үй-жайлардың (тұрғын үй бөліктерінің) жоспарланып отырған реконструкциясы (қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы) немесе үй-жайлардың шекараларын көшіруі олардың мүдделерін қозғаса) 20__ «__»____________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (нотариалды кеңсенің мекенжайы, растаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі бар. 7. Жұмыстар 20__ «___»______________ №____ мердігерлік шарттың негізінде _________________________________________________________ (құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, лицензиясының №, берілген күні) мердігерлік тәсілмен (мердігерлік ұйымды тартқан жағдайда) жүргізілетін болады. 8. Тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде _____________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) білімі бар __________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) 20__ «__» ___________ № _____ бұйрықпен тағайындалды (тағайындалған жағдайда). 9. Бас мердігердің атынан реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін 20__ «__» ___________ № _____ бұйрықпен ______________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) білімі бар және құрылыс саласында ______ жыл жұмыс өтілі бар, «Сейсмикалық құрылыс» курсы бойынша (сейсмикалық аудандарда құрылыс салған жағдайда) оқыған және ________________________________________ __________________________________________________________________ (куәліктің нөмірі, кім берді немесе ұзартты) жарамды куәлігі бар жауапты тұлға ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) тағайындалды (тағайындалған жағдайда). 10. Авторлық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады: 1) 20___ «___»______________ №_____ бұйрыққа сәйкес жобаны әзірлеушінің атынан _______________________________________________ (ұйымның атауы, лицензияның №, берілген күні, мекенжайы және телефоны) __________________________________________________________________; (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) 2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған сарапшысы (-лары) бар _________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестаттың нөмірі және алған күні) __________________________________________________________________ ұйым_____________________________________________________________; (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны) 3) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы______ __________________________________________________________________; (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні, мекенжайы және телефоны) 11. Техникалық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады: 1) өз штатында 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған аттестатталған сарапшысы (-лары) бар ____________________ __________________________________________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні) тапсырыс беруші өз бетінше; 2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған сарапшысы (-лары) бар _________________________________ __________________________________________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні) __________________________________________________________________ ұйым_____________________________________________________________; (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны) 3) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы______ __________________________________________________________________. (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні, мекенжайы және телефоны) 12. Сараптаманың оң қорытындысының (оны жүргізу міндетті болған жағдайда) және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін (егер жоспарланып отырған өзгеріс қосымша жер учаскесін бөлуді (кесіп беруді) көздесе) қоса беріп отырмын. 13. Осы хабарламада келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақтылы хабарлауға міндеттенемін. 14. Осы хабарламаны бере отырып мыналарды растаймын: 1) көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе жекелеген іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдануы мүмкін; 2) қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; 3) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру басталғанға дейін орындалуы міндетті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталады. 15. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асырғанда құрылыс нормаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың талаптарын және бекітілген жобаны бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартатыны туралы хабардармыз. Тапсырыс беруші (құрылыс  салушы) _________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) ЖСК/БСН ___________________ (жеке және заңды тұлғалар үшін) _______________________ (қолы, күні) М.О. Бас мердігер (мердігерлік ұйымды тартқан жағдайда) ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) ЖСК/БСН _____________________ (жеке және заңды тұлғалар үшін) _______________________ (қолы, күні) М.О. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда: Сенімді тұлға ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Беру мерзімі: 20__ жылғы «__» ________ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 4-қосымша Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі № Мемлекеттік орган Ведомстволар, орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері Хабарлама түрлері Ескертпе 1 2 3 4 5 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аумақтық бөлімшелері Жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуы туралы хабарлама Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің өзге қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетi Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізілімдеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық немесе аудандық аумақтық инспекциялары Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Зоологиялық жинақтаманы тізілімге енгізу туралы хабарлама 6. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Шетелдiк және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнің аумақтық органдары Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Халықаралық және республика ішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аумақтық бөлімшелері Медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 10. Жергілікті атқарушы органдар Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті басқару органдары Тұқымның сұрыпты және егу сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін сынақтан өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10194 болып енгізілді.